| Материалдар санатында: 394 Материалдар көрсетілді: 391-394 |
Беттер: « 1 2 ... 38 39 40 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын,
Болсам да үйде кедей, түзде баймын.
Күніне жүзді беріп, мыңды алсам да,
Қалтамның түбі тесік байымаймын!
Ақ қайың, жалған-ай, салдым сайран,
Халықтың ортасында жүрдім жайран!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Ақ жал атып толқыған,
Айбын қайда, Аралым?
Ақ шағала қалқыған,
Айдын қайда, Аралым?
Аралдың салқын самалын,
Аңсаумен жырға қосамын.
Азайған сенің арнаңа,
Араша болсын осы әнім.
Алқабында Әму - Сыр,
Арман болған, Аралым.
Алып қалар кәміл бір,
Амал бар ма, Аралым?
Адам барда өмірде,
Ақ ниетпен алаңдар.
Ажар берген өңірге,
Айдын шалқар Арал бар.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол жерде ел жоқ, көл жоқ өсіп-өнген,
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Киікті қазақ және дейді бөкен,
Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен.
Киікті атып аңшы өлтіргенде,
Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Басқаға жануарды-ау теңгермедім.
Көздері мөлдір қара ақ бөкенді,
Адамның баласынан кем көрмедім.
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен.
Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,
Кездесіп анда-санда саяқ некен.
Кей қазақ кәсіп қылып киікті атқан.
Мүйізін пайда қылып-ау шетке сатқан.
Сандалған бір киікті ұшыраттым,
Бір жылы-ау Бетпақ шөлде келе жатқан.
Бетпақта келе жатыр ақсақ киік,
Бір жүріп, бірде тоқтап, басын иіп.
Қоярға шыбын жанын жер таппайды,
Мергеннің кеудесінде болып күйік.
Тамады қара жерге аққан қаны,
Қиналып ентігеді шыбын жаны.
Боялып ақ денесі қызыл қанға,
Келеді әлі бітіп, жығылады.
Сандалып келе жатыр ақсақ киік,
Бір тоқтап, бірде жүріп әлін жиып.
Ақбөкен сахараның ботакөзі,
Атты екен қандай адам көзі қиып.
Ақбөкен сахарада қына терген,
Кім екен жапан түзде сені көрген.
Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегінен атқан мерген.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Ертеңге, қалқа, қарасаң,
Қол бұлғап арман тұрғандай.
Шақырып жарқын болашақ,
Бақытың отау құрғандай.
Қайырмасы:
Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық.
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.
Ол жақта - бұлтсыз көк аспан,
Тұнығы таза лағылдай.
Самалы жанмен сырласқан,
Көктемнің нұрлы таңындай.
Қайырмасы:
Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық.
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.
Ертегі күндей ертеңім,
Сүйгенім, жүрсең жанымда.
Сезімнің жайып желкенін,
Жасайық бақыт бағында.
Қайырмасы:
Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық.
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері











