| Материалдар санатында: 394 Материалдар көрсетілді: 201-210 |
Беттер: « 1 2 ... 19 20 21 22 23 ... 39 40 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Тоқшылықтың белгісі -
Той көбейді.
Тойға келген қызулы бой көбейді,
Не өнерің болса да ортаға сал:
Өлең айтқын,
Би биле, сөйле мейлі.
Той көбейді бұл күнде, расында,
Той дегенде тасынбай тұрасың ба.
Шарттанасың, біреудің бір асылы,
Жатса егер қосылып бір асылға.
Алдарында бейбіт күн - алтын ғасыр,
Бейбіт күннің болмайды салтында сын.
Тойларың мен ойларың қанаттанып,
Күй күмбірлеп, әсерлі ән тыңбасын.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған
Татулық белгісі ме
Жағалай малдас құрған?
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым?
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым
Анаға ақ пейілді
Иілсе, келін балаң
Ықылас ізет еткен
Сыйластық елін табам
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым?
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым
Дәм татар талай ғасыр
Ұрпақтар абайласын
Кірлетпей таза ұстасын
Халықтың шар айнасын
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым?
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Ойлаймын әке, өзіңді
Қызарып барып күн батса
Еске алам нұрлы сөзіңді
Жұлдыздар маған тіл қатса
Қайырмасы:
Еңкейген белге қарама
Еңсеңді елмен биіктет
Немерең жүр ғой қалада
Бетінен келіп сүйіп кет
Немерең жүр ғой қалада
Бетінен келіп сүйіп кет
Туған жер деген ұяны
Суытпай дәйім жылы ұста
Бүркіттей шолып қияны
Биікте жүрсің тыныстап
Қайырмасы:
Еңкейген белге қарама
Еңсеңді елмен биіктет
Немерең жүр ғой қалада
Бетінен келіп сүйіп кет
Немерең жүр ғой қалада
Бетінен келіп сүйіп кет
Әкеге қарап ұл өсер
Армансыз әке қайда бар
Ғұмырға ғұмыр жалғанар
Көңілің содан жайланар
Қайырмасы:
Еңкейген белге қарама
Еңсеңді елмен биіктет
Немерең жүр ғой қалада
Бетінен келіп сүйіп кет
Немерең жүр ғой қалада
Бетінен келіп сүйіп кет
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Тәй-тәй басқан бөпешім шуағым
Жанымдағы желбіреген қорабы
Кесілді-ғой тұсауың дәстүрмен
Шапқылашы сүрінбей шырағым
Қайырмасы:
Батыр боларме екенсің
Алып тұлғалы
Ақын боларма екенсің
Жазар жыр әнді
Әкім боларма екенсің
Елін сыйлайтын
Аман болшы балапаным
Тұнғышымсың сен менің бастауы
Уақыт деген өтеді қасқағы
Алла жар боп шыңдарға шарықтап
Аса берші өмірдің асқарын
Қайырмасы:
Батыр боларме екенсің
Алып тұлғалы
Ақын боларма екенсің
Жазар жыр әнді
Әкім боларма екенсің
Елін сыйлайтын
Аман болшы балапаным
Әке жолын үзбейтін жол болшы
Жалғастырар ұрпақты сен болшы
Маңдайыңнан айналдым күнім менің
Сегіз қырлы сырлы ер болшы
Қайырмасы:
Батыр боларме екенсің
Алып тұлғалы
Ақын боларма екенсің
Жазар жыр әнді
Әкім боларма екенсің
Елін сыйлайтын
Аман болшы балапаным
Батыр боларме екенсің
Алып тұлғалы
Ақын боларма екенсің
Жазар жыр әнді
Әкім боларма екенсің
Елін сыйлайтын
Аман болшы балапаным
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Сеземін сүйген жүрекке
Сағыну соқпас оңайға
Дегенмен қалқам қалайда
Қалт еткен шақта мені ойла
Қайырмасы:
Таңертең тұр да шықты көр
Оянған шақта мені ойла
Шұғылыға шығыс түп-түгел
Боялған шақта мені ойла
Дүниені нұрлы кірпігің
Қамастырғанда мені ойла
Талдарға көктем бүртігін
Жаңа аштырғанда мені ойла
Қайырмасы:
Арайда балға тоймаған
Бал қызғанғанда мені ойла
Жым-жырт боп тегіс айналаң
Жалғыз қалғанда мені ойла
Тағатсыз аңсар ынтық үн
Жаралы хал ғой ғашық хал
Рояль көрсең бір тілін
Мені ойлап бар да басып қал
Қайырмасы:
Тек қана көзге жас алма
Ойлай бер мені күніге
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Әнім боп жас күннен кеудемде жаңғырдың
Хат жаздым қаншама жауапсыз қалдырдың
Сонан соң еркіне бой бұрмай тағдырдың
Өзіңмен мәңгіге кеттім мен жан құрбым
Мөп-мөлдір моншағын көрсетпей жанардың
Кеттім мен қайрылмай, өрлігім болар бұл
Жүрсем де қол созып арайлы мұратқа
Жүректен нұр бейнең өшпеді бірақ та
Жолықтың бүгін сен күлімдеп жайдары
Көңлімнің төрінен найзағай ойнады
Өткен күн қайтадан өрнегін салмайды
Қоштастық екеуміз, қоштаспай болмайды
Алматы қаласы - жастықтың қаласы
Екеуміз қыдырған көшеге қарашы
Ақ терек асқақтап тұр анау еңселі
Сол жерден өткенде еске алам мен сені
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Жазғы таңның
Жайдары ескен самалы
Масайратты
Тау мене орман, даланы
Қандай қызық
Өркені өскен өлкенің
Асқақ әні
Бойды билеп барады
Қайырмасы:
Ай, сағындым Сарыарқаны
Ай, сағындым Шыңғыс алқабын
Тамылжыта
Ән шырқа сүйген сәулешім
Біздің арқа
Ән менен жырдың дарқаны
Жазғы түннің
Жаныңа жайлы кешінде
Асыр салып
Ойнауші едім төсінде
Сай-салаңнан
Сәулеммен сүйген гүл теріп
Сайраңдаған
Жас күнім әлі есімде
Қайырмасы:
Ай, сағындым Сарыарқаны
Ай, сағындым Шыңғыс алқабын
Тамылжыта
Ән шырқа сүйген сәулешім
Біздің арқа
Ән менен жырдың дарқаны
Бала кезден
Бауылды сенің құздарың
Шынықтырған
Бетімнен сүйіп ызғарың
Өскен өлке
Ата-ананың борышын
Өтейді енді
Ұлдарың менен қыздарың
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Іздеймін іздеймін мен
Үмітті үзбеймін мен
Қарақаттай мөп-мөлдір сол көздердің
Өртеніп жанармын да
Ұмыта алармын ба
Бақыт болған бал дәурен сол кездерді
Қайырмасы:
Қарақат көздер-ай
Баққытты кездер-ай
Оралшы қайтадан көктем болып
Көздер-ай мөлдіреген
Көрген жан елжіреген
Сен аққу келемісің көктем болып
Наздана қарайтұғын
Жаныма балайтұғын
Қара көздер мөп-мөлдір қайдасыңдар
Жүректен жанып ұшқан
Жаралған сағыныштан
Жанарлар-ай жүрекке жайғасыңдар
Қайырмасы:
Қарақат көздер-ай
Баққытты кездер-ай
Оралшы қайтадан көктем болып
Көздер-ай мөлдіреген
Көрген жан елжіреген
Сен аққу келемісің көктем болып
Қарақат көздер-ай
Баққытты кездер-ай
Оралшы қайтадан көктем болып
Көздер-ай мөлдіреген
Көрген жан елжіреген
Сен аққу келемісің көктем болып
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Қыз аттаған келін кеп ақ босаға
Ақ босаға, мерейлі бақ босаға
Қасиетті халқымның дәстүріне
Куә боп ғасырлар жатты осы ара
Қайырмасы:
Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай
Көл дария секілді пейілдері-ай
Сол келіндер арқасы, босағадан
Құда-жекжат іргесі сөгілмеді
Қариялар батасын береді екен
Бата деген ақ тілеу керек екен
Жақсы дәстүр, жақсы сөз, игі тілек
Ұрпақтарға жалғасып келеді екен
Қайырмасы:
Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай
Көл дария секілді пейілдері-ай
Сол келіндер арқасы, босағадан
Құда-жекжат іргесі сөгілмеді
Татулықпен тамсантқан ауылымды
Ардақ тұтқан аға-іні, бауырымды
Іззеті мол қазақтың келіндері
Бағалаттың баршаға қадіріңді
Қайырмасы:
Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай
Көл дария секілді пейілдері-ай
Сол келіндер арқасы, босағадан
Құда-жекжат іргесі сөгілмеді
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Алматымда тұр алаулап
Алтын нұры айдың
Жүрдің бе сен тамашалап
Көшесінде Абайдың
Қайырмасы:
Алматының бағы қандай
Алмасының дәмі балдай
Алма дидар арулар
Қыз Жібек пен Баяндай
Көктөбеде ақ отау бар
Саясында Арман
Бұлттан асқан Алатау бар
Мұз бен гүлден жаралған
Қайырмасы:
Алматының бағы қандай
Алмасының дәмі балдай
Алма дидар арулар
Қыз Жібек пен Баяндай
Алматының кеші қандай
Алатаудың төсі қандай
Күн қала бұл,Ай қала
Аймала жел, аймала
Қайырмасы:
Алматының бағы қандай
Алмасының дәмі балдай
Алма дидар арулар
Қыз Жібек пен Баяндай
Өстім сенде жарқын таңда
Жастық отын жағып
Мен есейіп марқайсам да
Сен өсе бер жасарып
Қайырмасы:
Алматының бағы қандай
Алмасының дәмі балдай
Алма дидар арулар
Қыз Жібек пен Баяндай
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері











