| Материалдар санатында: 394 Материалдар көрсетілді: 321-330 |
Беттер: « 1 2 ... 31 32 33 34 35 ... 39 40 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың,
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Кетерде солдат жарының,
Ішінде қалған ана жыл.
«Көкемді айтпай танырмын», -
Деп бір сәби бала жүр.
Қайрылмай қалай кетесің,
Хабарсыз қалай ол тоқтар?
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 2.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Азат елдердің мызғымас одағы,
Ұлы орыс елінде нұр алып, шыңдалған.
Жаса біртұтас Советтер Одағы,
Халықтар еркімен мәңгіге құралған!
Дәуірле, дарқан ел – ерікті Ұлы Отан,
Шын достықтың сенімді тірегі!
Лениндік партия – халықтар қуаты,
Коммунизмге жол бастай береді.
Шықты нұрлы күн көк дауыл ішінен,
Ленин – данышпан нұсқады жарқын жол.
Бастап біздерді әділет ісіне,
Еңбек пен ерлікке құлшынтты халқын ол!
Дәуірле, дарқан ел – ерікті Ұлы Отан,
Шын достықтың сенімді тірегі!
Лениндік партия – халықтар қуаты,
Коммунизмге жол бастай береді.
Өшпес мәңгілік коммунизм нұрынан,
Елдің ертеңін біз айқын көреміз.
Даңқты Отанның алқызыл туына,
Айнымас адалмыз, әрқашан сенеміз!
Дәуірле, дарқан ел – ерікті Ұлы Отан,
Шын достықтың сенімді тірегі!
Лениндік партия – халықтар қуаты,
Коммунизмге жол бастай береді.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Сен мені іздедің деп кінәлама,
Тіршілік күнсіз өмір сүре ала ма?
Сен – менің нұрын төккен күнімсің ғой,
Күнді аңсамай адамдар тұра ала ма?
Қайырмасы:
Сен мені іздедің деп кінәлама,
Қанатсыз құстар ұшып жүре ала ма?
Сен – менің қанатымсың көкке самғар,
Сүйгенін іздемей жан жүре ала ма?!
Теңеймін өзіңді әр кез ғұламаға,
Бәрі де топтасады бір арнаға.
Сүймесем, мен өзіңді іздемесем,
Іздедің деп, сүйіктім, кінәлама.
Қайырмасы:
Сен мені іздедің деп кінәлама,
Қанатсыз құстар ұшып жүре ала ма?
Сен – менің қанатымсың көкке самғар,
Сүйгенін іздемей жан жүре ала ма?!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Тағдырдың салған залалы ма,
Өртеніп жаным барады ма?
Амалым қалмай бұл өмірде,
Армандап қана қаламын ба?
Қайырмасы:
Қараймын, жаным, суретіңе,
Қызығам сұлу келбетіңе.
Сая деп қойған есіміңді,
Сақтаймын, жаным, жүрегімде.
Махаббат мұңы қинағанда,
Есімді қайтіп жия алам ба?
Айрылып қалсам бақытымнан,
Өмірге жалғыз сия алам ба?!
Қайырмасы:
Қараймын, жаным, суретіңе,
Қызығам сұлу келбетіңе.
Сая деп қойған есіміңді,
Сақтаймын, жаным, жүрегімде.
Бақытым десең, табарсың,
Мені ұмытып қаларсың.
Бірақ бәрібір көңілімде
Өшпестей үміт боларсың.
Қайырмасы:
Қараймын, жаным, суретіңе,
Қызығам сұлу келбетіңе.
Сая деп қойған есіміңді,
Сақтаймын, жаным, жүрегімде.
Жалынып жүрем тәңіріме,
Бақыт берсін деп бір өзіңе.
Асылым, жаным, махаббатым,
Сүйемін сені бұл өмірде, жүрегімде.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Сүйікті менің мектебім,
Самалды сая бағымдай.
Өзіңнен өсіп көктедім,
Талабым тасқа шағылмай.
Қайырмасы:
Еркелеп өстім жарқылдай,
Еңселі үйім, төрінде.
Анамның махаббатындай
Құшағың ыстық сенің де.
Үш десең күнге жетейін,
Баулыған өзің, мектебім.
Жерімді көркем етейін,
Әкеліп ерте көктемін.
Қайырмасы:
Еркелеп өстім жарқылдай,
Еңселі үйім, төрінде.
Анамның махаббатындай
Құшағың ыстық сенің де.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Сағынышым қонды алыс,
Жүрек толы толғаныс,
Өзгермейді өйткені,
Өзгермейді болған іс.
Талай рет сезінген
Қымбат болар өзіңнен
Ешкімім жоқ ешкімім.
Қайырмасы:
Көктем көңіл бүр жарғанда
Дауысыңды естідім.
Кешіре алсаң бұл жалғанда
Кешір мені, кеш күнім.
Бақытым боп тұр ма едің,
Мәңгі қатар жүрмедің.
Сенсіз жерде қуанып,
Сенсіз жерде күлмедім.
Айналайын көзіңнен,
Артық туған өзіңнен,
Бір жан жоғын білмедім.
Қайырмасы:
Көктем көңіл бүр жарғанда
Дауысыңды естідім.
Кешіре алсаң бұл жалғанда
Кешір мені, кеш күнім.
Шықтым талай жолға алыс,
Көңілде көп толғаныс.
Өзгергенмен тіршілік,
Өзгермейді болған іс.
Жүрдемесін жанымыз,
Саған деген сағыныш
Қазір маған қорғаныш.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 2.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Енді есен бол Баянның қалған елі,
Сен де есен бол арқаның қоңыр желі-ай
Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.
Қаз қаңқылдап жататын,қу сыңқылдап,
Құмық меруерт ақ қайран шалқар көлі-ай
Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян
Баян көлі айнадаймөлдір бұлақ,
Жататұғын сарқырап, ағын құлап-ай
Ақбаян,
Ақ жүрегің көпке аян
Көк иісті майсаны жарып құлап,
Қызығына тоймайсың, жатсаң сұлап-ай
Ақбаян,
Ақ жүрегің каөпке аян.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Көз ілмей шықтым түні бойы, атты таң да
Мазалам бір ой кетпей қойды естен әлі
Жайдарлы шыққан күндер бірге жүрген едік
Болды ма айтшы, жаным, босқа соның бәрі?
Қайырмасы:
Кеш мені, кеш енді,
Бар ма амал, менде енді?
Оралмас, бір болмас
Екі жас бірге енді.
Көз алмай тұрдым алдымдағы екі жастан,
Бір-біріне күлімдеп қарап, қол алысқан
Жайдарлы шыққан күндер бірге жүрген едік
Болды ма, бұдан артық менде ақ арман?
(Рэппен оқылатын сөздер):
Бағалай білмейміз біз барды
Жігіттер сүйіңдер қыздарды
Әйтпесе әр жанда бар арман
Қыз деген сол үшін жаралған.
Сезімді тұра алар бүгіп кім?
Ең ізгі ерлігі жігіттің –
Жан ұғар жақынның жоқ теңі
Бір қызды бақытты еткені.
Онсыз да бұл заман ызғарлы,
Жігіттер сүйіңдер қыздарды,
Өлуде күнәсіз сан арман
Қыз деген сол үшін арналған.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Тал шыбықтай бұралған өзің керім
Әнге қосам, мінекей, керек жерім.
Қайырмасы:
Ақсаусақ, бұраң бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.
Алма мойын, қыпша бел, сенің, сәулем,
Сымбатыңа сүйсінген мен бір серің.
Қайырмасы:
Ақсаусақ, бұраң бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.
Аузыңда ашсаң ақ тісің тізіліп тұр
Сізді көріп көңілім бұзылып тұр.
Қайырмасы:
Ақсаусақ, бұраң бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.
Тал бойыңда тарыдай бір мінің жоқ
Көрген адам сыртыңнан қызығып жүр.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Шықшы дос, Алатаудың қар басына,
Көз салшы арман қала арнасына,
Өмірдің от-жалыны алау шашып,
Жанып тұр күн сәулелі Алматыда.
Қайырмасы:
Гүлі бар таңда ашылар,
Бал-шырын алмасы бар,
Бақыттың арнасы бар бір өзіңде.
Гүл қала, арман қала,
Көк-жасыл орман қала,
Мәңгі от боп жанған қала
Алматым жүрегімде.
Сәбидің күлкісі бар келбетінде
Жүзгенде ай сәулесі көл бетінде
Әркімнің жүрегіне ұялаған
Осындай қала бар ма жер бетінде?!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері











