| Материалдар санатында: 394 Материалдар көрсетілді: 31-40 |
Беттер: « 1 2 3 4 5 6 ... 39 40 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Тағдырымды қатыгез деп сырым деп
Сен сүйгенмен ол сүймесе шараң не
Махаббаттын қос жүректің әні ғой
Өзіңе сай дауыс керек, дауыс керек әлемге
Сүіктім-ау сәнсіз өмір мәнді ме
Мәнсіз адам шырқай алмас әнді де
Бәсеңдетпе қарлықтырма дауысыңды
Бақытсыз боп қалмау үшін
Қалмау үшін мәңгіге
Бәсеңдетпе қарлықтырма дауысыңды
Бақытсыз боп қалмау үшін
Қалмау үшін мәңгіге
Сүіктім-ау сәнсіз өмір мәнді ме
Ән түзілсе түйеміз ғой сәнді де
Жұбайлар бар әңгімесі таусылған
Ал махаббат таусылмайтын
Таусылмайтын мәңгіге
Жұбайлар бар әңгімесі таусылған
Ал махаббат таусылмайтын
Таусылмайтын мәңгіге
Ал махаббат таусылмайтын
Таусылмайтын мәңгіге
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Түніменен, түніменен тереземді тамшы ұрды
Түніменен айтып жатты жан сырды, жан сырды
Түніменен, түніменен көзің жайнап түс көріп
Жұмыр басқа мазасыз ой сан кірді, сан кірді
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар
Кірпігімнен, кірпігімнен тулап жатты тамшылар
Бәз біреулер бұған сірә таң шығар, таң шығар
Сені аңсаған, сені аңсаған көңілімде еріген
Аңсаулардың моншағыда бар шығар, бар шығар
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар
Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар
Қайырмасы:
Іздейсің сен, іздеп жүрсің сабыла
Жанарыңнан арман оты жағылар
Өз жүрегің, өз кеудеңе сыймастан
Ұйықтай алмай шықтың ба әлде сағынып
Кірпігімнен, кірпігімнен тулап жатты тамшылар
Бәз біреулер бұған сірә таң шығар, таң шығар
Сені аңсаған, сені аңсаған көңілімде еріген
Аңсаулардың моншағыда бар шығар, бар шығар
Қайырмасы:
Іздейсің сен, іздеп жүрсің сабыла
Жанарыңнан арман оты жағылар
Өз жүрегің, өз кеудеңе сыймастан
Ұйықтай алмай шықтың ба әлде сағынып
Іздейсің сен, іздеп жүрсің сабыла
Жанарыңнан арман оты жағылар
Өз жүрегің, өз кеудеңе сыймастан
Ұйықтай алмай шықтың ба әлде сағынып
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Кездесем деп өзіңмен армандай-тұғым,
Жаңбырлы күн жарқ еткен жалғандай ұғым
Жаңа, жарқыраған жұлдызым жанды.
Жаңа, кірпік ілмей атырдым таңды.
Жаңа, жаңа
Енді кімді қайыңдай ырғалып басып.
Мен келемін қуанып көңілім тасып
Жаңа, жарқыраған жұлдызым жанды.
Жаңа, кірпік ілмей атырдым таңды.
Жаңа, жаңа
Түнеріп кеп ақ нөсер құйып өткендей.
Күн ашылып, самал жел желпіп өткендей
Жаңа, жарқыраған жұлдызым жанды.
Жаңа, кірпік ілмей атырдым таңды.
Жаңа, жаңа
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Көктөбенің гүліндей көркем едің
Жанарыңмен жаныма еркеледің
Аялдама астында жолықтырған
Күнекейдің өзіндей еркем едің
Қайырмасы:
Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама
Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама
Тіршіліктің көлігі сабылысқан
Саған деген көңілім алып ұшқан
Өзің жаққа қараймын жалтақдаумен
Жаралған жан сенбісің сағыныштан
Қайырмасы:
Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама
Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама
Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама
Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Сені іздеймін алаңдап дүрсілдейді бұл жүрек
Сені ойладым сағынып күндіз-түні елжіреп
Қырық қыздың ішінде барамысың көш бастап
Мен Төлеген болғанда
Өзің болдың Қыз Жібек ақ гүлім
Қайырмасы:
Ақ гүлім бір өзіңсің аңсаған
Ақ гүлім саған арнап ән салам
Ақ гүлім бір өзіңді қарсы алам
Мөлдіреген ақ таңдай
Таңда туған Шолпандай ақ гүлім
Бір өзіңсің арманым мен өзіңе сенемін
Қысыласың сен неге біле алмадым себебін
Сырыңды айтшы күлімдеп қарашы бір мөлдіреп
Қозы-Көрпеш мен болсам
Баян Сұлу сен едің ақ гүлім
Қайырмасы:
Ақ гүлім бір өзіңсің аңсаған
Ақ гүлім саған арнап ән салам
Ақ гүлім бір өзіңді қарсы алам
Мөлдіреген ақ таңдай
Таңда туған Шолпандай ақ гүлім
Талай сұлу көргенде өзің келдің бәйгіден
Қондырам ба қолыма әппақ болған айды мен
Ұзамашы сен еді құшағыма оралшы
Кем емессің сен маған
Мәжнүн сүйген ләйліден ақ гүлім
Қайырмасы:
Ақ гүлім бір өзіңсің аңсаған
Ақ гүлім саған арнап ән салам
Ақ гүлім бір өзіңді қарсы алам
Мөлдіреген ақ таңдай
Таңда туған Шолпандай
Қайырмасы:
Ақ гүлім бір өзіңсің аңсаған
Ақ гүлім саған арнап ән салам
Ақ гүлім бір өзіңді қарсы алам
Мөлдіреген ақ таңдай
Таңда туған Шолпандай ақ гүлім
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Сен болмасаң мен осылай шалқып жүрмес те ем
Сағыныштың не екенін бәлкім білмес пем
Арналады саған терген жарқын күндестер
Шықтың бе екен кірпік ілместен, ана
Қайырмасы:
Ұйқытымаймын көзіме түн жасырынса
Сағыныштың мен бүгін өлшемімін
Сен менің ең ардақты, ең асылымсың
Ал сенің кішкентай бөлшегің, мен ғой ана
Сен байтерек болсаң, жасыл жапырағыңмын
Сен кең дала болсаң, шалқар атырабыңмын
Сен қыран құс болсаң, нәзік балапаныңмын
Аман болшы мама, сені сағындым
Қайырмасы:
Ұйқытымаймын көзіме түн жасырынса
Сағыныштың мен бүгін өлшемімін
Сен менің ең ардақты, ең асылымсың
Ал сенің кішкентай бөлшегің, мен ғой ана
Ұйқытымаймын көзіме түн жасырынса
Сағыныштың мен бүгін өлшемімін
Сен менің ең ардақты, ең асылымсың
Ал сенің кішкентай бөлшегің, мен ғой ана
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Көріп сені өзгердім
Қайдан жаным кез келдің
Ғашық болып өзіңе
Қалғанымды сезбедім
Қалғанымды сезбедім
Ән арнадым шумақтап
Тыңда жаным құлақ сап
Қол ұстасып өтейік
Қалма менен шырақта
Қалма менен шырақта
Қайырмасы:
Өзің болдың арманым
Үміт жібін жалғадың
Осы әнімді арнадым
Өзің болдың арманым
Үміт жібін жалғадың
Осы әнімді арнадым
Сенсіз өмір не керек
Сенің орның тым бөлек
Қол ұстасып өтейік
Өтер өмір дөңгелеп
Өтер өмір дөңгелеп
Бақытымда бағым бол
Бетке ұстар арым бол
Сыйлап өтер мәңгілік
Адал сүйген жарым бол
Адал сүйген жарым бол
Қайырмасы:
Өзің болдың арманым
Үміт жібін жалғадың
Осы әнімді арнадым
Өзің болдың арманым
Үміт жібін жалғадың
Осы әнімді арнадым
Көріп сені өзгердім
Қайдан жаным кез келдің
Ғашық болып өзіңе
Қалғанымды сезбедім
Қалғанымды сезбедім
Ән арнадым шумақтап
Тыңда жаным құлақ сап
Қол ұстасып өтейік
Қалма менен шырақта
Қалма менен шырақта
Қайырмасы:
Өзің болдың арманым
Үміт жібін жалғадың
Осы әнімді арнадым
Өзің болдың арманым
Үміт жібін жалғадың
Осы әнімді арнадым
Өзің болдың арманым
Үміт жібін жалғадың
Осы әнімді
Осы әнімді
Осы әнімді арнадым
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Хиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.
Қиналма бекер тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ, ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды –
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз,
Болмаған соң айтпа сөз.
Атадан алтау,
Анадан төптеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп.
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының,
Жалғыз қалдым – тап шыным!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Сенен сұлу, Ақтамақ, жан өтпейді-ай,
Ақылың асқан дариядай көз жетпейді, Ақтамақ.
Шыға келсең жалт етіп бұлт астынан-ай,
Қайран болмай көрген жан бір кетпейді, Ақтамақ.
Қайырмасы:
Айдың көлдің еркесі,
Ерке өскен-ай, Ақтамақ.
Гүл бақшада сайраған,
Бұлбұлымсың-ай, Ақтамақ.
Оқтан ұшқыр жарқ етсе қара көзің,
Қорғасындай балқытар айтқан сөзің, Ақтамақ.
Сымға тартқан күмістей нәзік белің,
Сәтті күні жаралған жансың өзің, Ақтамақ.
Қайырмасы:
Айдың көлдің еркесі,
Ерке өскен-ай, Ақтамақ.
Гүл бақшада сайраған,
Бұлбұлымсың-ай, Ақтамақ.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Шықшы дос, Алатаудың қар басына,
Көз салшы арман қала арнасына,
Өмірдің от-жалыны алау шашып,
Жанып тұр күн сәулелі Алматыда.
Қайырмасы:
Гүлі бар таңда ашылар,
Бал-шырын алмасы бар,
Бақыттың арнасы бар бір өзіңде.
Гүл қала, арман қала,
Көк-жасыл орман қала,
Мәңгі от боп жанған қала
Алматым жүрегімде.
Сәбидің күлкісі бар келбетінде
Жүзгенде ай сәулесі көл бетінде
Әркімнің жүрегіне ұялаған
Осындай қала бар ма жер бетінде?!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері











