| Материалдар санатында: 394 Материалдар көрсетілді: 51-60 |
Беттер: « 1 2 ... 4 5 6 7 8 ... 39 40 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Бей уақта кездесіп ең жан құрбым,
Көргендей ем ақ жүзіңнен таң нұрын.
Неге оятып жүрегімді жандырдың,
Өзің бе әлде айтылмаған ән-жырым.
Гүлдей нәзік мөлдір таза сезімнен,
Сағындым ғой хабар күтіп өзіңнен.
Толған ай ма ең, әлде таңғы жұлдыз ба ең,
Бақытым ба ең, неге кештеу сездім мен.
Кеш жолықсаң кінәлі ме уақыт,
Кел көңіліңді жабырқатпай қуантып.
Жанарыңнан мөлт-мөлт етсе ыстық жас,
Әлдилетіп тербетейін жұбатып.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Нұрына таңның әсем,
Боялды жасыл орман.
Мені еске алдың ба сен,
Оралмас асыл арман.
Қалампыр гүлін көрсем,
Еске алам, кешір күнім.
Басқа үйде бұл күнде сен,
Айтсаң да бесік жырын.
Аймаққа көктем келді,
Қақпаймын есігіңді.
Ұмыт деп өткендерді,
Сұрама кешірімді.
Жүрек те суыған бір,
Жібімес, рас, жаным.
Көріп пе ең жұлынған гүл,
Қайтадан бүр ашқанын.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Әлди, әлди баладан,
Тауып алған даладан.
Далада бала жата ма,
Түсіп қапт(ы)-ау шанадан.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Ақ жал атып толқыған,
Айбын қайда, Аралым?
Ақ шағала қалқыған,
Айдын қайда, Аралым?
Аралдың салқын самалын,
Аңсаумен жырға қосамын.
Азайған сенің арнаңа,
Араша болсын осы әнім.
Алқабында Әму - Сыр,
Арман болған, Аралым.
Алып қалар кәміл бір,
Амал бар ма, Аралым?
Адам барда өмірде,
Ақ ниетпен алаңдар.
Ажар берген өңірге,
Айдын шалқар Арал бар.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Келеді қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,
Айрылдым қапылыста сенен нағып.
Қайырмасы:
Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың,
Жерге қонбай.
Ертістің аржағында бір терең сай,
Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.
Ағаштың бұтағына қоңып алып,
Сайрайды, таң алдында қараторғай.
Қайырмасы:
Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың,
Жерге қонбай.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Көкштаудың биігі
Бауырында ойнар киігі
Ғашық болған қара көз
Қашан тарқар күйігі
Қайырмасы:
Ау-ей, қара көз
Сен жұбайым
Қалдың-ау кейін
Мен не дейін
Көкшетаудың басында
Қалқам тұрса қасымда
Артық туған бала едің
Ғашық болған жасымда
Қайырмасы:
Ау-ей, қара көз
Сен жұбайым
Қалдың-ау кейін
Мен не дейін
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ?
Жаңа таптым ауылыңды көптен сұрап
Жел тимесе жан тимес деп жүргенде
Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ
Аққу едің таранған айдындағы
Ұштың ұзап қанатың жайдың-дағы
Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың
Қол алысқан сертіңнен тайдың-дағы
Осылай ма ей, қалқа, айтқан сертің
Жүрегімді жандырды ғайшық дертің!
Мұнша неге сен мені әуреледін
Болмаған соң әуелде баста еркің?!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 3.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Үйірі қысырақтың мақпал қара
Шашыңды күндіз жу да, түнде тара
Алыстан ат аямай келгенімде
Ей, Мақпал, қырындамай бермен қара!
Үш жүзге атым мәлім Ақан сері
Келгенім Мақпал қыздың туған жері
Алыстан ат сабылып келдім іздеп
Бір көріп қайтайын деп, Мақпал сені
Біз қайтып елге таман бастық қадам
Сымбатың хатқа сыймас айтса тамам
Ей, қалқа, мұнша неге зарланасың
Елге алып қайтпас па едім келсе шамам
Біраз күн Дәнетінге салдым салық
Артымда зарланамын Мақпал қалып
Қосылған ғашық болып қайран құрбым
Қасіретің өзегімді кетті жарып!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Тыныш еді өмірім,
Көріп сені өзгерді.
Сүйіп сені көңілім,
Жұлдыздарға теңгерді.
Қайырмасы:
Сөз таппаймын айтуға,
Мен жүремін қысылып,
Түсімде де жүрсің-ғой
Аппақ гүлдер
Аппақ гүлдер
Аппақ гүлдер ұсынып.
Күлім көзің нұрлана,
Тербеп нәзік сезімді.
Айтқан сөзің ойлана,
Жаныма ыстық сезілді.
Қайырмасы:
Сөз таппаймын айтуға,
Мен жүремін қысылып,
Түсімде де жүрсің-ғой
Аппақ гүлдер
Аппақ гүлдер
Аппақ гүлдер ұсынып.
Жолға қарап жүремін
Қара көзді талдыра.
Сағыныштан жүрегім
Бойды өртеп жандыра.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Көзімді жұмсам да көрем сені,
Еседі арманның қоңыр желі.
Куә бол,Алатау, бақытыма,
Куә бол, көк терек көлеңкелі.
Қайырмасы:
Куә бол, жұлдыз,
Куә бол, Айым,
Куә бол, Алатауым!
Куә бол, жұлдыз,
Куә бол, Айым,
Куә бол, Алатауым!
Көп іздеп мен бүгін оны таптым,
Бастадым бір әнін махаббаттың.
Ақ қайың аялап арманымды,
Куә боп, көк өзен, күліп жаттың.
Қайырмасы:
Куә бол, жұлдыз,
Куә бол, Айым,
Куә бол, Алатауым!
Куә бол, жұлдыз,
Куә бол, Айым,
Куә бол, Алатауым!
Куә бол, жұлдыздар, жымыңдасқан,
Куә бол, аппақ Ай, ашық аспан.
Алданба жүрегім енді қайтып,
Арманға кезінде есік ашқан.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері











